• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2025

Шымкентте ауыз су мәселесін шеше алмаған шенеуніктер жазаланды

60 рет
көрсетілді

Шымкент қалалық прокуратурасы 1500-ден астам үйді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етпеген шенеуніктерді жауапкершілікке тартты, деп жазады Egemen.kz.

Тексеру барысында санитарлық нормалардың бұзылғаны, су инфрақұрылым нысандарының сапасыз салынғаны және сумен жабдықтаудың дұрыс ұйымдастырылмағаны анықталған.

«Қадағалау актілерімен кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Тұрғындарды ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленді», делінген қалалық прокуратура таратқан хабарламада.