Тәртіп бұзғандар Қапшағай су қоймасындағы түнгі рейдтер барысында анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті түнгі рейдтер барысында су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу, атап айтқанда түнгі уақытта мұзға шығу фактілерін анықтаған.
«Аталған ережелерді бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес (Су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе сақтамау) 58 әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден асады», деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, тәртіп бұзушылардың дені балықшылар.