• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №396

316 рет
көрсетілді

2014 жылғы 1 шілде, Астана қаласы «Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 11-бабының 25) тармақшасына және «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6681 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы №7-8 (26428-26429), «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 26 наурыздағы №7-8 (26511) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті (С.С. Сайынов): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернент-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. ҚАСЫМОВ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 396 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Босқын мәртебесін алу туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармағына және «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және пана іздеген адамдардың босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттарын тіркеу және қарау тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланады: 1) өтінішхат – пана іздеген адамның тікелей өзі немесе осыған уәкілетті өкілі арқылы жазған өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы уәкілетті органға жазбаша өтініші; 2) пана іздеген адам (бұдан әрі – адам) - уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға тілек білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; 3) пана іздеген адамның куәлігі (бұдан әрі – куәлік) - босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, уәкілетті орган беретін құжат; 4) пана іздеген адамның отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), олардың кәмелеттік жасқа толмаған балалары және оның асырауындағы басқа адамдар; 5) босқын - нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне орай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам; 5) уәкілетті орган - босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 6) пана іздеген адамның босқын мәртебесін беру туралы жеке ісі - өтінішхатты, жауап алу парағын, өтінішхатқа негіздеме ретінде өтініш иесі ұсынған құжаттар мен мәліметтерді қамтитын материалдар; 7) Қазақстан Республикасында босқын деп тану туралы өтініш білдірген адамнан жауап алу парағы – Қазақстан Республикасында пана іздеген адамнан сұхбат алу (әңгімелесу) кезінде ресімделетін құжат. 2. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу тәртібі 3. Адам Қазақстан Республикасына келісімен күнтізбелік бес күннің ішінде немесе өзі Қазақстан Республикасының аумағында болып, нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау жағдайларының туындауы туралы білген кезден бастап, жазбаша өтінішхатпен өзі немесе осыған уәкілетті өкіл арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасына (бұдан әрі – ІІД КҚПБ) жүгінеді. 4. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда ресімделеді. Өтінішхатқа пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын немесе растайтын құжаттар, сондай-ақ өтінішхаттың негізділігін растайтын өзге де құжаттар мен мәліметтер бар болса, қоса беріледі. 5. Босқын деп тану туралы өтінішхаттарды ІІД КҚПБ Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адамның болатын жері бойынша ол өтініш білдірген күні қабылдайды. Адам, онымен бірге келген отбасы мүшелері өтініш білдірген күні аудармашыны ұсыну мүмкін болмаған не оларда жеке басты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, босқын деп тану туралы өтінішхатты қабылдау күні мен уақыты адаммен телефон арқылы келісіледі. 6. Адам ІІД КҚПБ-ға өзі жеке берген, босқын деп тану туралы өтінішхат осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес Пана іздеген адамдарды тіркеу журналында тіркеледі. 7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы ҰҚК) Шекара қызметінен ІІД КҚПБ-ға келіп түскен босқын деп тану туралы өтінішхатты ІІД КҚПБ өтінішхат келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасында босқын деп тану туралы өтінішхатпен бірге Пана іздеген адамдарды тіркеу журналында тіркейді және ол сол күні ІІД КҚПБ-ның уәкілетті қызметкерінің қарауына беріледі. 8. Егер пана іздеген адам Қазақстан Республикасының аумағына әлі келмеген болса, ол жазбаша өтінішхатпен өзі немесе осыған уәкілетті өкіл арқылы босқын мәртебесін беру туралы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне жүгінеді. 9. Пана іздеген адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан мәжбүрлі заңсыз өткен кезде, өтінішхат ІІД КҚПБ-ға осы адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде беріледі. Адамның бақылауға алуына келмейтін және оның өтінішхатпен уақтылы өтініш білдіруіне мүмкіндік бермейтін еңсерілмейтін күштер (жер сілкінісі, теңіз дауылы, су тасқыны, соғыс, жаппай тәртіпсіздіктер және т.б.) болған кезде өтініш білдіру мерзімі еңсерілмейтін күштің әрекетіне тең кезеңге ұзартылады. 10. Босқын деп тану туралы өтінішхат отбасының он сегіз жасқа толған және әрбір мүшесінен қабылданады. Пана іздеген адамның отбасының он сегіз жасқа толмаған және пана іздеген адаммен бірге келген мүшелері туралы мәліметтер туу туралы құжаттарының негізінде ата-анасының біреуінің, ата-анасы болмаған кезде заңды өкілінің не отбасының он сегіз жасқа толған және отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелерін тәрбиелеуге және оларды асырауға өз еркімен міндеттеме алған бір мүшесінің өтінішхатына жазылады. Көрсетілген міндеттеме еркін нысанда жазбаша түрде жазылады және жеке істің материалдарына қоса тігіледі. Бір отбасы мүшелерінің өтінішхаттары бойынша материалдар бір жеке іске ресімделеді. Босқын деп тану туралы өтінішхатты қабылдау пана іздеген адамның барлық отбасы мүшелерінің қатысумен жүзеге асырылады, олар туралы мәліметтер оның өтінішхатына енгізіледі. 11. Өтінішхаты тіркелген пана іздеген адамның Қазақстан Республикасына жеке келген отбасы мүшелері, оларда босқындар деп тану үшін негіздер болмаған жағдайда, отбасымен қосылу мақсатында өтінішхат берген кезде отбасылық қатынастарын растайтын құжаттық дәлелдемелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы пана іздеген адамның өз отбасы мүшелерін қабылдауға келісетіні туралы еркін түрдегі өтінішін ұсынады. Отбасын біріктіру туралы өтінішхатта пана іздеген адамның отбасы мүшелерінің өз елінен кетуі себебі ретінде: «Отбасын біріктіру» көрсетіледі. 12. Егер пана іздеген адам өзінде жеке басын куәландыратын құжатының жоқ екенін мәлімдесе, ол туралы мәліметтер оның айтуы бойынша жазылады және онымен әңгімелесу бір жұмыс күні ішінде өткізіледі. 13. Босқын деп тану туралы өтінішхат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылады. Егер пана іздеген адам өтініхатты мемлекеттік немесе орыс тілінде өз бетінше толтыра алмаса не сауатсыз болса, онда өтінішхат аудармашының және ІІД КҚПБ қызметкерінің қатысуымен толтырылады. Босқын деп тану туралы өтінішхатқа адам және аудармашы (аудармашы қатысқан жағдайда) қол қояды. 14. ІІД КҚПБ қызметкері босқын деп тану туралы өтінішхатты қабылдаған кезде адамды Заңда көзделген құқықтармен және міндеттермен таныстыруға міндетті. 3. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты қарау тәртібі 15. Өтінішхатты қарау рәсімі жазбаша өтінішхатты қабылдағаннан кейін жүргізіледі және: осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында босқын деп тану туралы өтінішхатпен өтініш білдірген шетелдікті есепке алу карточкасын (бұдан әрі – есепке алу карточкасы) ресімдей отырып, шетелдікпен сауалнама жүргізуді; шетелдікті, азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасында босқындар деп тануға өтініш білдірген және босқындар болып танылған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алудың автоматтандырылған жүйесіндегі (бұдан әрі – деректер банкі) есеп бойынша тексеруді, сондай-ақ Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің бөлінісінде соттылығының бар екені не жоқ екені туралы мәліметтерді сұратады. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының барлық есептері бойынша тексерісті жүзеге асырады; осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес сауалнама парағын ресімдей отырып, шетелдікпен, азаматтығы жоқ адаммен жеке әңгімелесу өткізуді; Қазақстан Республикасында пана іздеген адамның куәлігін беруді қамтиды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 9 маусым № 328 бұйрығымен бекітілген «Пана іздеген адамның куәлігі үлгісін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9592 болып тіркелген). 16. Есепке алу карточкасы шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке ісінде сақталады. Кейіннен ІІД КҚПБ-ның уәкілетті қызметкері есепке алу карточкасында (қағаз тасымалдағышта) осы шетелдікке, азаматтығы жоқ адамға қатысты қабылданған барлық шешімдер туралы жазба жасайды және бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (бұдан әрі - КҚПД) хабарлайды. 17. Шетелдікпен, азаматтығы жоқ адаммен әңгімелесуді жүзеге асыратын ІІД КҚПБ қызметкеріне қарастыру үшін осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген тұпнұсқалы құжаттар мен материалдар ұсынылады. Міндетті түрде шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттарының көшірмелері алынады. Өтінішхаттың негізділігін растайтын ұсынылған немесе алынып қойылған басқа да құжаттар мен материалдар шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның өтінішхатына тұпнұсқада қоса тігіледі. Қажет болған жағдайда, жекелеген құжаттар олардың көшірмелері алынғаннан кейін өтініш иесіне қайтарылуы мүмкін. 18. Әңгімелесу өткізуге дайындалу кезінде ІІД КҚПБ қызметкері: шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның өтінішхатын, сондай-ақ өтінішхат беру негізділігін растайтын, ол ұсынған құжаттар мен материалдарды зерделейді; өтінішхат берген адамның азаматтық тиесілілігі мемлекеті не бұрынғы тұрған жері туралы ақпаратты жинауды және зерделеуді жүзеге асырады. Ақпарат саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай, паспорттық-виазалық режим, адамның негізгі құқықтарын сақтау, мәдениеті және діні, тарихы және географиялық орналасуы, қудалау қаупі бар адамдар санаты туралы мәліметтерді қамтиды. босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты беру негізділігін растауды қажет ететін мән-жайларды (нәсілдік, діни сенім, азаматтық белгісі, ұлты, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы, саяси нанымы бойынша қудалаудың бар-жоғы)анықтайды. 19. Әңгімелесу оқшауланған бөлмеде, бөтен адамдар кіргізілмей өткізіледі. Егер өтініш иесі мемлекеттік немесе орыс тілін білмесе, ал әңгімелесуді өткізетін қызметкер өтініш иесінің тілін білмесе, онда аудармашы шақыру туралы мәселе шешіледі. Кәмелетке толмағандармен әңгімелесу оның қамқоршысының немесе қорғаншысының қатысуымен өткізіледі. Қудалау құрбаны болу қаупі қорқытумен не нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық-зомбылықпен, азаптаулармен, гендерлік фактормен, сенімді қарым-қатынасты қажет ететін басқа да дәләлдермен байланысты адамдармен әңгімелесуді мүмкіндігінше бір жынысты адам өткізеді. 20. Әңгімелесуді бастау алдында ІІД КҚПБ қызметкері өзін таныстырады, өтініш иесіне оның құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде мәлімделген мекенжай бойынша тұру міндетін, оны босқын деп тану рәсімін түсіндіреді, сондай-ақ аудармашыға сенім білдіретіндігін нақтылайды. Өтініш иесіне әңгімелесу нәтижесінде алынған мәліметтер оның келісімінсіз жариялануға жатпайтыны және өтініш иесінің азаматтық тиесілілігі немесе бұрын тұрған жері мемлекетінің билігіне не бөтен адамдарға берілмейтіні хабарланады. ІІД КҚПБ қызметкері қойылатын сұрақтарға шынайы ақпарат беру қажеттілігі туралы, ол жалған мәліметтерді хабарлаған не қолдан жасалған құжаттарды ұсынған жағдайда туындауы мүмкін салдар туралы ескертеді. Құжаттамалық растауы бар мәліметтер мен фактілерді қоспағанда, ол әңгімелесуден кейін ұсынған және бұрын айтқандарына қайшы келетін мәліметтер мен фактілер ескерілмейді. 21. Әңгімелесу өткізу кезінде ІІД КҚПБ қызметкері осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес әңгімелесу өткізу кезінде шетелдікке, азаматтығы жоқ адамға қойылатын негізгі және қосымша сұрақтар тізбесінен сұрақтар қояды. Сұрақтар адамға кез келген кезектілікте қойылуы мүмкін. Негізгі тізбедегі сұрақтар міндетті түрде қойылады. Қосымша тізбедегі сұрақтар жағдайға байланысты қойылады. Жауаптар өтініш иесінің атынан сол берілген нысанда, оның ішінде «Білмеймін», «Есімде жоқ» және сондай сияқты жауаптар сөзбе сөз тіркеледі. Әңгімелесу барысында өтініш иесінің жауаптар оның азаматтық тиесілілік немесе бұрынғы тұрған жерінің мемлекеті туралы ақпаратпен салыстырылады. 22. Әңгімелесуді өткізетін ІІД КҚПБ қызметкері өтінішхат берген адамға болған жағдайда, өтінішхатты беру негізділігін растайтын қосымша дәлелдемелер, сондай-ақ өз жауаптарының шынайылығын ұсынуды ұсынады. 23. Әңгімелесу барысында өтініш иесі өзі және өзінің өткені, жақын туыстары туралы мәліметтерді, босқын деп тану туралы өтінішхатпен өтініш білдіру үшін негіз болған фактілер мен себептерді баяндайды. Оның азаматтық тиесілілігінің немесе бұрынғы тұрған жерінің мемлекетінде жауапкершілікке тарту туралы биліктің, оның ішінде соттың, полицияның, мемлекеттік қауіпсіздіктің ресми органдарының құжаттары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараты қудалау құрбаны болуы қаупінің растауы болуы мүмкін. Әңгімелесу кезінде азаматтық тиесілілігінің немесе бұрынғы тұрған жерінің мемлекетіне оны жіберуге кедергі келтіретін мән-жайлардың бар-жоғы туралы өтініш иесінің пікірі анықталады. 24. Отбасын біріктіру мақсатындағы өтінішхатты қарау кезінде өтініш иесі отбасылық қарым-қатынастардың бар екенін растайтын құжаттамалық дәлелдемелер ұсынады. Өтініш иесімен және отбасын біріктіру мақсатында оған өтініш иесі келген шетелдікпен әңгімелесу ұсынылған дәлелдемелердің тұпнұсқалығын анықтау не оларды алу үшін бөлек жүргізіледі. 25. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін әңгімелесуді өткізген ІІД КҚПБ қызметкері өтініш берген адамнан қосымша ақпараттың бар-жоғын нақтылайды, оның көрсетпелеріндегі сәйкессіздіктер немесе дәлсіздіктер бойынша түсініктеме беруін сұрайды, сондай-ақ қосымша әңгімелесу өткізу мүмкіндігі туралы ескертеді. 26. Оқиғалар мен негізгі фактілерді, күндерді, адам аттарын, сипатталатын оқиғалар болған жерлердің атауы көрсетілген сауалнама парағы әңгімелесу өткізу уақытында немесе ол аяқталғаннан кейін дереу ресімделеді. 27. Сауалнама парағын ресімдегеннен кейін ІІД КҚПБ қызметкері өтініш иесін оның мазмұнымен тікелей өзі немесе аудармашы арқылы таныстырады. Жазбада анықталған дәлсіздіктер түзетілуге тиіс. Ресімделген сауалнама парағына аудармашы (егер әңгімелесу аудармашының көмегімен өтсе), қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілі (егер ол болса), ІІД КҚПБ қызметкері және өтініш иесі қол қояды, өтініш иесі сауалнама парағының әр парағына қол қояды. 28. Әңгімелесу өткізілгеннен және сауалнама парағы толтырылғаннан кейін өтініш иесіне пана іздеген адамның куәлігі, сондай-ақ осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес міндетті медициналық куәландыруға жолдама беріледі. Шетелдікке медициналық куәландырудан өту тәртібі, одан өтуден бас тартудың, сондай-ақ босқын деп танудың одан әрі рәсімін өткізу үшін ІІД КҚПБ-ға келмеудің салдары түсіндіріледі. 29. Пана іздеген адамның куәлігі босқын деп тану туралы өтініш білдірген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын және оның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайды. Куәлік он алты жасқа толған шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға үш ай мерзімге беріледі, оған ІІД КҚПБ басшысы қол қойып, мөрмен расталады. 30. Өтінішхатты қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, жарамдылық мерзімі өткен пана іздеген адамның куәлігінің орнына үш ай мерзімге жаңа куәлік беріледі. Бұл ретте босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты қарау мерзімі бір жылдан аспайды. 31. Міндетті медициналық куәландырудан өткеннен кейін өтініш иесі медициналық куәландырудан өткенін растайтын құжатты ІІД КҚПБ-ға жеке ұсынады. 32. Егер міндетті медициналық куәландырудан өту мерзімі өтіп кетсе, сондай-ақ егер адам әңгімелесуден (босқын деп танудың қосымша немесе одан әрі рәсімінен) өту үшін ІІД КҚПБ-ға келмеген жағдайда, ІІД КҚПБ келмеу себептерін түсіндіру үшін ІІД КҚПБ-ға шақыра отырып, беру туралы хабарламамен бірге адам көрсеткен тұрғылықты жері бойынша тапсырыс хат (бұдан әрі – жазбаша хабарлама) жібереді. 33. Егер адам оған жазбаша хабарлаған күннен бастап бір айдың ішінде ІІД КҚПБ-ға келмесе, өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешім қабылданады. Біруақытта шетелдікке, азаматтығы жоқ адамға сол тәртіпте қайта жазбаша хабарлама жолданады. Адам қайта жазбаша хабарландырылған күннен бастап бір ай ішінде ІІД КҚПБ-ға келмеген жағдайда, өтінішхатты қарау тоқтатылып, бұл туралы адам көрсеткен тұрғылықты мекенжайы бойынша хабарлама жіберіледі. Өтінішхатты қарауды тоқтату және қайта жаңарту туралы күнтізбелік үш күн ішінде КҚПД-ға хабарланады. 34. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін ІІД КҚПБ: баяндалған фактілерді тексеруді жүзеге асырады, оның ішінде адамның Қазақстан Республикасына келу мақсаттары мен себептерін нақтылайды; қажет болған жағдайда, ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы мен алынған мәліметтердің шынайылылығын тексеруді ұйымдастырады; қажет болған жағдайда, адаммен ұсынылған ақпараттың шынайылығын тексеру, материалдардағы сәйкессіздіктер мен қайшылықтарды жою үшін қосымша әңгімелесу өткізеді; адам ұсынған мәліметтер мен фактілерді растау және адам туралы қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарына (мекемелеріне) сұрау салулар жолдайды; есепке алу карточкасының көшірмесін қоса бере отырып, ұлттық қауіпсіздік органдарына сұрау салу жолдайды; адам ұсынған мәліметтерді растау қажет болған жағдайда, куәгерлерді (егер болса) шақырады; адам ұсынған құжаттар мен материалдарға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың (мекемелердің) ақпаратына талдау жүргізеді, шетелдікпен сауалнама жүргізу және әңгімелесу нәтижелерін бағалайды; өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша ІІД КҚПБ басшысы босқын мәртебесін беру не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. 35. ІІД КҚПБ-ның шешімі жалпы, дәлелдеме және қорытынды бөліктен тұрады. 36. Жалпы бөлікте: адам туралы мәліметтер: тегі, аты (аттары), әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатқа сәйкес), азаматтығы (болса), туған күні мен жері, діни сенімі, отбасы жағдайы, білімі, отбасы құрамы; тұрғылықты жерлерін көрсете отырып, өтініш иесінің жақын туыстары туралы; өтініш иесінің еңбек, саяси немесе қоғамдық қызметі, оның азаматтық тиесілілігі немесе бұрынғы тұрғылықты жерінің мемлекетінен шығуының мән-жайлары, жол жүру бағыты және Қазақстан Республикасына келуі туралы; Қазақстан Республикасына келгенге дейін адамның өміріне қатысты өзге де мәліметтер көрсетіледі. 37. Дәлелдеме бөлігінде адам өтінішхатының негізділігіне баға беріледі. 38. Егер ІІД КҚПБ қызметкері адамды босқын деп тану үшін негіздер жоқ екенін анықтаса, дәлелдеме бөлігінде босқын деп танудан бас тартудың негіздемесі баяндалады. 39. Егер шетелдік бірнеше мемлекеттің азаматы болып табылса, ол азаматы болып табылатын мемлекеттердің біріне қорғау үшін өтініш білдіру мүмкіндігі туралы мәселе зерделенеді. Тек шетелдік өз азаматтығы мемлекеттерінің бірінің қорғауына жүгіне алмаған жағдайда ғана, негіздер болса, оған босқын мәртебесі берілуі мүмкін. 40. Қорытынды бөлігінде босқын мәртебесін беру не одан бас тарту туралы қорытынды көрсетіледі. Босқын мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда, Заңның тиісті бабына сілтеме көрсетіледі. 41. Кәмелетке толмаған шетелдікті, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамды босқын деп тану туралы өтінішхатты ІІД КҚПБ бірінші кезектегі тәртіппен қарайды. 42. Егер адам өтінішхатты қарау кезеңінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға ниеттенгені туралы мәлімдесе, оған өтінішхатты қарауды тоқтату туралы өтініш беру құқығы түсіндіріледі. 43. Адам өтінішхатты қарауды тоқтату туралы өтініш берген жағдайда, ІІД КҚПБ дереу тиісті шешім қабылдайды. Өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін ІІД КҚПБ шетелдіктен, азаматтығы жоқ адамнан пана іздеген адамның куәлігін алып қояды және адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуын бақылауды жүзеге асырады. Өтінішхатты қарауды тоқтатқаннан кейін бір ай мерзімде ІІД КҚПБ адамның кеткені туралы КҚПД-ға хабарлайды. 44. Егер өтінішхатты қарау кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасағаны үшін адамға қатысты қылмыстық іс қозғалса, қылмыстық қудалау органдарының ұсынымхаты бойынша өтінішхатты қарау тоқтатылады. Қылмыстық істі қозғау себептері көрсетілген аталған ұсынымхат өтінішхатты қарастырып жатқан ІІД КҚПБ-ға жіберіледі. Ұсынымхаттың негізінде ІІД КҚПБ өтіншхатты қарауды тоқтатып, бұл туралы дереу КҚПД-ға хабарлайды. 45. Егер сот адамды кінәсіз деп таныса немесе бас бостандығынан айырмайтын жазаға соттаса, өтінішхатты қарауды тоқтату туралы ұсынымхат енгізген қылмыстық қудалау органы бұл туралы ІІД КҚПБ-ға хабарлайды. 46. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін адамға қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енген жағдайда, мұндай адамға босқын мәртебесін беруден бас тартылады. 47. Босқын деп тану туралы өтініш білдірген адамда босқын деп тану рәсімін өткізу кезеңінде балалары туған не отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда, адам өтінішхатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бұл туралы ІІД КҚПБ-ға хабарлайды. Бұл ретте адам есебінде тұрған ІІД КҚПБ-ға баланы босқын деп тану туралы өтініш бере алады. Өтінішке баланың тууы туралы куәлігі, сондай-ақ, егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасындағы босқын және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаса, осы ата-анасының тиісті өтініші қоса беріледі. ІІД КҚПБ осындай өтініш бойынша шешімді бірінші кезектегі тәртіпте қабылдайды. 48. ІІД КҚПБ жеке келген кезде шетелдікке оның өтінішхаты бойынша қабылданған шешім туралы хабарлайды және шетелдіктен, азаматтығы жоқ адамнан пана іздеген адамның куәлігін алып қойып, оны жеке іске қоса тігеді. Босқын деп танылған шетелдікке, азаматтығы жоқ адамға ІІД КҚПБ есепке қою туралы белгісі бар, босқынның куәлігін береді, оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, паспортын алып қояды, ол жеке істе сақталуда қалады. Босқын деп танудан бас тарту алған шетелдікке, азаматтығы жоқ адамға ІІД КҚПБ-ның шешіміне шағымдану тәртібі, оның құқықтары мен міндеттері, оның ішінде заңнамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кету міндеті түсіндіріледі. 49. Егер адам оған босқын деп тану туралы жазбаша хабарлама жіберілгеннен кейін үш айдың ішінде босқынның куәлігін алу үшін ІІД КҚПБ-ға келмесе, ІІД КҚПБ шетелдікті босқын деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы ұсынымхат дайындап, оны КҚПД-ға жібереді. ІІД КҚПБ шетелдікті босқын деп тану туралы өз шешімінің күшін жояды және өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешім қабылдайды. 50. Босқын тұратын жерін ауыстырған кезде оның ісінің материалдары босқынның жаңа тұратын жері бойынша ІІД КҚПБ-ға жіберіледі. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеужәне қарау қағидасына 1-қосымша Нысан кімге __________________________ (уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының лауазымы, тегі және аты-жөні) __________________________ __________________________ кімнен ___________________ (тегі, аты, әкесінің аты) __________________________ (қай мемлекеттің) __________________ азаматы Уақытша тұрушының тұрақты тұратын жері _____ __________________________ (мекенжайы) отбасы құрамында ____ адам Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат Маған және менің отбасымның мүшелеріне Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беруді сұраймын. Тұратын жерімнен мына себептер бойынша кетуге мәжбүрмін: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Туған күні және туған жері _________________________________________ Азаматтығы (бұрын тұрақты тұрған елі) ______________________________ _________________________________________________________________ Ұлты (этникалық тобы)_____________________________________________ Мынадай тілдерді білемін ___________________________________________ Қазақстан Республикасына келу күні __________________________________ Заңды (заңсыз) келді ________________________________________________ Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар немесе жеке басын растайтын құжаттар ________________________________________ (атауы, сериясы, нөмір, қашан және кім берді) Менімен бірге келген отбасымның мүшелері: № Тегі, аты, әкесінің аты Туған күні Туыстық дәрежесі Бұдан бұрын Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтініш хат пен өтініш бердім (бермедім)_____________________________________________________ Егербергенболса, органдыкөрсетіңіз ________________________________________________ ________________________________________________________________________________ _______________________ ____________________________ (өтініш беру күні) (пана іздеген адамның қолы) Өтініш хатты қабылдаған Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкер _______ _____________ __________ (қолы) (Т.А.Ә.) (күні) Өтінішхатты тіркеу туралы шешім: Тіркелді ________________________________________________________ (күні, тіркеу нөмірі, қызметкердің қолы) Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидасына 2-қосымша Нысан Пана іздеген адамдарды тіркеу журналы Р/с № Пана іздеген адамның және оның отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты Туған күні және туған жері Азамат-тығы Кету елі және бұрын тұрған мекенжайы Қазақстан Респуб-ликасына келу күні Өтінішхатты қабылдау және тіркеу күні Қазақстан Республи-касындағы тұрғылықты мекенжайы Қабылдау жүргізген қызмет- кердің тегі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидасына 3-қосымша Нысан Пана іздеген адамның суреті Пана іздеген адамды есепке алу карточкасы 1. Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________________________ 2. Туған күні, айы, жылы ______________________________________________________ 3. Туған жері ________________________________________________________________ 4. Азаматтығы _______________________________________________________________ 5. Ұлты _____________________________________________________________________ 6. Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар немесе жеке басын растайтын құжаттар______________________________________________________________ (атауы, сериясы, нөмір, қашан және кім берді) 7. Отбасы жағдайы ____________________ 8. Отбасы құрамында __________________ адам 9. Пана іздеген адаммен бірге келген отбасы мүшелері туралы мәлімет: № Тегі, аты, әкесінің аты Туыстық дәрежесі Туған күні Төлқұжаттың немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжаттың №, сериясы Ұлты Азаматтығы 10. Қазақстан Республикасында тұратын жері және телефон нөмірі __________________ ____________________________________________________________________________ 11. Отбасының барлық мүшелері көрсетілген мекенжай бойынша тұра ма? Егер «тұрмаса», отбасының қай мүшесі тұрмайтыны және оның қандай мекенжай бойынша тұратыны көрсетілсін ______________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 12. Бұдан бұрын Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат берді ме (қайда және қашан) _________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 13. Сапар бағыты _____________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 14. Тілдерді білуі _____________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 15. Мүгедектігі, оның ішінде отбасы мүшелерінде - (бар/жоқ). Егер «мүгедек болса», кім және нешінші топтағы мүгедек екені көрсетілсін ____________________________________________________________________________ 16. Әскери қызметі, қызмет өткерген уақыты және жері, әскери атағы ____________________________________________________________________________ 17. Пана іздеген адам немесе пана іздеген адаммен бірге келген отбасы мүшелерінің біреуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды ма _______ (иә/жоқ). Егер тартылса, кім, қашан, қай соттың үкімі бойынша және қандай мерзімге екені көрсетілсін _______________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 18. Бұрын тұрақты тұрған елі және мекенжайы ___________________________________ ____________________________________________________________________________ 19. Тұрған елінен кету күні және себебі _________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 20. Қазақстан Республикасында туыстары бар ма - (иә/жоқ). Егер болса, туыстық дәрежесі және олардың тұратын жері көрсетілсін _____________ ____________________________________________________________________ 21. Қоныстанудың болжамды орны (қала, облыс, аудан, елді мекен көрсетілсін) _______________________________________________________ 22. Білімі, кәсібі, оның ішінде отбасы мүшелерінің білімі, кәсібі ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 23. Партиялардағы, ұйымдардағы, топтардағы мүшелігі ________________ 24. Қазақстан Республикасында бұрын болды ма ____ (иә/жоқ). Егер болса, келу күні мен мақсаты көрсетілсін ___________________________ 25. Қосымша мәліметтер _____________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 26. Өтінішхатты қабылдаған органның атауы және қабылдаған күні _____ 27. Өтінішхаттың уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне келіп түскен күні _______________________________________________________________ 28. Әңгімелесу жүргізу күні ________________________________________ 29. Өтінішхаттың тіркелген күні ____________________________________ 30. Пана іздеген адамның куәлігі: тіркеу № ______ 20 __ ж.__________ Берілген күні 20 __ ж. __ _______ Қолданылу мерзімі ________________ Пана іздеген адамның куәлігін алдым ________________________________ (қолы, күні) Пана іздеген адамның куәлігінің қолданылу мерзімі ____________ дейін ұзартылды 31. Ішкі істер органдарына жолдаманың нөмірі, беру күні ____________ ____________________________________________ _________ ____________ (карточканы толтырған қызметкердің лауазымы) (Т.А.Ә.) (күні) Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидасына 4-қосымша Нысан __________________________________________________________________ (уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы) Сауалнама парағы 1. Пана іздеген адам туралы мәлімет 1. Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________ _________________________________________________________________ 2. Жынысы _______________________________________________________ 3. Туған күні ___________________________________________________ 4. Азаматтығы (бұрын тұрақты тұрған елі) ________________________ _________________________________________________________________ 5. Өтінішхатты берген күні ______________________________________ 2. Пана іздеген адамға сауалнама жүргізу нәтижесі (пана іздеген адамға қойылатын сұрақ-жауаптардың мазмұны) Сұрақтарды қойған кезде тізбені (Ережеге 5-қосымша) басшылыққа алу қажет. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (Сауалнама парағының соңғы беті) Осы сауалнама парағында ________ бет. Мен, ________________________________________________________ жоғарыда жазылғандардың бәрі шындыққа сәйкес келетінін мәлімдеймін. ___________________________ ______________ (пана іздеген адамның қолы) (күні) Мен ___________ тілінде оқи алатынымды және жоғарыда жазылғандарды толық түсінетінімді мәлімдеймін. ___________________________ ______________ (пана іздеген адамның қолы) (күні) Мен, _______________________________________________________ жоғарыда жазылғандардың мазмұнын ____________ тілінен ___________ тіліне толық аударғанымды мәлімдеймін. Пана іздеген адам мені, ал мен арқылы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкерін қойылған сұрақтарға оның жауаптарының дұрыс жазылғандығын сендірді және ол жоғарыда жазылғандармен келіседі. ___________________________ ______________ (аудармашының қолы) (күні) ___________________________________ ______________ _________ (сұрау жүргізген қызметкердің лауазымы, қолы) (Т.А.Ә.) (күні) Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидасына 5-қосымша Әңгімелесу кезінде пана іздеген адамға қойылатын сұрақтар тізбесі 1. Жол жүру құжаты. Пана іздеген адам (бұдан әрі - өтініш беруші) жеке басын куәландыратын құжат алу үшін билік органдарына өтініш берді ме? Жеке басын куәландыратын құжатты қандай билік органдары берді? Жеке басын куәландыратын құжатты қалай алды? Ақыға? Кімге? Жеке басын куәландыратын құжат кімнің атына берілді? Өтініш беруші осы жеке басын куәландыратын құжатпен елден еркін шыға алды ма және қай елдерге барды (елдер, болу ұзақтығы, мақсаты)? Жеке басын куәландыратын құжатпен бірге кетуге рұқсат алды ма? Кіру визаларын қалай алды? Елден шығу үшін қандай құжаттар пайдаланылды (түпнұсқасы немесе қолдан жасалған)? Елден кету кезінде шекаралық бақылауда проблемалар болды ма? Егер жеке басын куәландыратын құжат жалған болса, қайда және қашан жасады? Қолдан жасағанына ықтимал түсініктемелер. Өтініш берушінің басқа елде тұруға жарамды рұқсаты бар ма? Егер жеке басын куәландыратын құжат болмаса, неліктен жоқ екенін анықтау қажет. Қайда, қашан жоғалтты/жойылды? Өтініш берушіге жеке басын куәландыратын құжатты лақтырып тастауға немесе құртуға біреу кеңес берді ме? Кім және қашан? Өтініш берушінің маңызды тағы да қандай сәйкестендіру құжаттары бар? Оларды қалай алды? 2. Билеттер. Қазақстан Республикасына кіру үшін билеттер сатып алды ма? Қайда, қашан, кім және қай көлік түріне сатып алды? Кері қайту билеті бар ма? 3. Азаматы болып табылатын елден (бұрынғы тұрақты жерінен) кету және Қазақстан Республикасына келу. Азаматы болып табылатын елден немесе бұрынғы тұрақты жерінен кету күні Бұл биліктің рұқсаты бойынша жүргізілді ме? Шекаралық бақылауда проблемалар болды ма? Орын ауыстыру тәсілдері және пайдаланылған көлік құралдарының түрлері, транзит елдерді, қалаларды, келу және кету күндері көрсетілген нақты бағыт Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығы, Қазақстан Республикасы аумағына келу күні және орны. Шекарадан қандай амалмен өтті? Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығы елдерінің мемлекеттік шекарасынан өткен кезде, Қазақстан Республикасына келген кезде құжаттарды көрсетті ме және қандай құжаттар? Егер көрсетілмесе – неліктен? Өтініш беруші жалғыз өзі келді ме? Жолаушылардың аттарын атауды сұрау Өтініш беруші Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығы елдерінде, Қазақстан Республикасында бұрын болды ма және қандай мақсатпен? Пана іздеген елі ретінде неге Қазақстан Республикасын таңдады? Өтініш берушінің Қазақстан Республикасында туыстары/достары барма? Аттары, мекенжайлары, тұруы үшін негіздеме? Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін өтініш беруші қайда, қашан және қай билік өкіліне және қандай өтінішпен барды? Төлқұжаттық бақылауда проблемалар болды ма? Мүмкіндігінше сапар туралы көбірек ақпарат анықтау қажет. 4. Отбас