• RUB:
    5.16
  • USD:
    526.81
  • EUR:
    542.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:00

Жылу қазандығы жаңартылды

11 рет
көрсетілді

Елімізде қабылданған «Тарифті инвестиция­лар­ға айырбастау» бағдарламасы бойынша Жезқазған қаласында алғашқы жоба жүзеге асты. «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-на қарас­ты жылу-электр орталығында жетіл­діріл­ген үлгідегі технологиямен жабдық­та­лып, жаңартылған №8 қазандық іске қо­сыл­ды.

– Қазандықты жаңғырту жұмысы 2021 жылғы ақпан айында басталған еді. Мұнда толығымен заманауи құрал-жабдықтар орнатылды. Озық технологиялардың арқасында қазандықтың қуаты артты, сағатына 220 тонна бу өндіруге, электр қуаты өндірісін 40 мегаватқа арттыруға мүмкіндігі бар. Бұл өз кезегінде қаладағы жылу жүйесінің жалпы жағдайын да жақсартады, – дейді Жезқазған жылу электр орталығының директоры  Ермек Жұмаханов.

Жобаның жалпы құны 8,8 млрд теңге құрады. Жаңартылған қазандық қаладағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамту мәселесінде сенімділікті арттырды.

 

ЖЕЗҚАЗҒАН