• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2015

Батыс Қазақстан судьялары өткен жылды қорытындылады

363 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 4 ақпан. Оралда соттар қызметінің өткен жылғы қорытындыларына арналған брифинг өткізілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Жиында Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов өткен жылы өңірдегі соттардың атына 107 арыз-шағым келіп түскенін мәлімдеді. Бұл шағымдар негізінен сот үдерісі барысындағы судьялардың іс-әрекетіне қатысты туындаған. Облыстық сот төрағасының айтуынша, тұрғындар негізінен бірқатар сот шешімдерімен келіспейтіні туралы үн қатқан. «Өткен жылы Асқар Айтуғанов, Бақытжан Сатыбалдиев, Дастан Бәйменов және Серік Хусаинов секілді төрт судья қызметтерінен босатылды», – деді Бек Әметов. Төрағаның түсіндіруінше, Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Асқар Айтуғанов судья мәртебесіне сәйкеспейтін қылықтарға жол бергені үшін атқарып жүрген қызметінен босатылған. Ал Орал қалалық сотының судьясы Дастан Бәйменов пен аудандық соттың судьясы Серік Хусаиновтар еңбек тәртібін бұзғандары үшін қызметтерімен қоштасқан. Сондай-ақ былтырғы 14 қазанда судья Ибрагим Ниязғалиев төрағалық еткен Орал қалалық соты Зеленов аудандық сотының бұрыңғы төрағасы Бақытжан Сатыбалдиевті өзінің жұмыс кабинетінде «Ғиният» Құрылыс ЖШС-ның директорынан 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп тауып, оны алты жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: uralskweek.kz.