• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Қаңтар, 2025

Айыппұлды төлегені туралы жалған түбіртек берген астаналық сотталды

57 рет
көрсетілді

Астана қаласы прокуратурасы қала тұрғынының 240,3 млн теңге көлеміндегі айыппұл жазасына кесілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Сотталушы сот орындаушысына 196 миллион теңге айыппұлды ішінара төлегені туралы түбіртектердің көшірмелерін берген.

Талдау барысында Нұра аудандық прокуратурасы бұл соманың мемлекетке түспегенін және айыппұл төленбегенін анықтаған. Осылайша, түбіртек жалған болып шыққан.

Айыппұл төленбегендіктен, сот оны 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырған.

Жалған түбіртек беру фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар