Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәлім етуінше жеке теннис клубының аумағында әкімшілік ғимарат, тенттен жасалған каркасты құрылыс, теннис кортының жабыны, үрлемелі күмбез жанған.
Өрттің таралу қаупі болған жақын маңдағы теннис кортын және жеке тұрғын үйді өрт сөндірушілер өрттен қорғап қалды.
Жалпы аумағы 1000 шаршы метрден астам алаңдағы өрт сөндірілді, ешкім зардап шекпеген. Өрттің себебі анықталып жатыр.