• RUB:
    5.16
  • USD:
    530.24
  • EUR:
    543.97
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Президент қызмет бабында қайтыс болған марқұм полицейді марапаттады

49 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм полицей Шалхар Байжомартовты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік награданы марқұмның әкесіне  ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Алматы облысының полиция департаментіне жұмыс сапарымен барған кезде табыс етті. Ол марқұмның отбасына көңіл айтып, аға лейтенант Байжомартовтың ерлігін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі адалдығы мен үлесін ерекше атап өтті.

«Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте және тәртіпті қамтамасыз ету кезінде әрдайым алдыңғы қатарда. Шалхар Байжомартов өз өмірін құрбан ете отырып, Отанына адал қызмет еткенін дәлелдеді», деді Айдар Сайтбеков.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 2024 жылдың 20 желтоқсанында болған. Жол-көлік оқиғасын тіркеу кезінде Toyota Camry көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, полиция қызметкерін қызметтік көлігіне қыстырып алған. Оқиға салдарынан полицей көз жұмды.