Көкшетауда «кастет» суық қаруын заңсыз сақтаған азамат сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, қала тұрғыны интернеттен «кастет» сатып алып, оны полиция қызметкерлері ұстағанға дейін өзімен бірге алып жүрген. Нәтижесінде сот оны 2024 жылдың 17 желтоқсанында 90 сағаттық қоғамдық жұмыстарға соттады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес суық қаруды заңсыз алып жүру немесе өткізу, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.