Оқиға 15 Қаңтар, 2025

Алматы-Өскемен автожолында танк құлап, полиция көлігін зақымдаған

46 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 13:40 шамасында «Алматы-Өскемен» тасжолында жүк көлігіне тиелген танк құлап, сүйемелдеп келе жатқан полиция көлігін зақымдаған, деп жазады Egemen.kz.

Жол-көлік оқиғасы «Цзефан» автокөлігінің жүргізушісі Заречный ауылы маңындағы өтпежолдан бұрылған сәтте болған. Сол кезде тралға тиелген 2 әскери техника құлаған. 

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады. 

Бүгін таңертең осы автожолда 18 көлік соқтығысқанын жазғанбыз.