Еліміздің бірінші, әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігін сәтті бастап, екінші кезеңге өтті. 16 жастағы Аустралия теннисшісі Эмерсон Джонсқа қарсы кортқа шығып, екі сетте айқын жеңді. Әлемнің 23-ракеткасы Юлия Путинцева да бірінші бәсекесінен сүрінбей өтіп, армениялық Элина Аванесяннан басым түсті. Елена Рыбакина екінші айналымда америкалық Ива Якшичтің шамасын байқап көрсе, Юлия Путинцева қытайлық Чжан Шуайға қарсы ойнайды.
Спорт
•
16 Қаңтар, 2025
Жарыс күнделігі
36 рет
көрсетілді