• RUB:
    5.17
  • USD:
    529.7
  • EUR:
    545.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:15

Қызылордада «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасып жатыр

15 рет
көрсетілді

Бағдарлама аясында  Қармақшы аграрлық-техникалық колледжінде аудан студенттері үшін «Туған жерімізді таза ұстайық!» атты экологиялық сағат ұйымдастырылды. Оқу орнының директоры Бауыржан Сейдулла мұндай іс-шаралардың тәрбиелік маңызы зор екенін айтады.

Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылдан бастап жүзеге асырыла бастаған «Таза Қазақстан» бағдарламасына аудан жастары да белсенді қатысып келеді. Олар қоғамдық орындарды қоқыстан тазалап, ардагерлердің ауласын жинауға көмектеседі, ағаштар отырғызады. Экологиялық мәдениет қалыптастырудың үлгісі болған бағдарлама аясында аудан  мектептерінде де «Экология балалар көзімен» тақырыбында сурет байқауы өтіп, үздік жұмыстар мектеп көрмелеріне қойылды.

Ал Жалағаш ауданы тұрғындары «Біз – таза аймақ үшін» бастамасымен орталық алаң мен «Тағзым» аллеясын тазартуға кірісті. Аудандағы жастар ресурстық орталығының белсенділері «Ардагерлерді ардақтайық» кезекті акциясын ұйымдастырды. 

«Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасына басталғаннан бері облыстың 730 000-ға жуық тұрғыны қатысты. Олар 27 000 тоннадан астам қоқыс шығарып, 505 сквер мен саябақ, 225 тарихи мәдениет ескерткіш аумағы, 791 әлеуметтік нысан, 4596 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 322 су нысаны, 47 451 аула мен көше тазартылды.