• RUB:
    5.16
  • USD:
    529.65
  • EUR:
    544.64
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Ыстанбұлда ішімдіктен уланып, көз жұмғандар саны 30-ға жетті

25 рет
көрсетілді

Ыстанбұлда сапасыз ішімдік ішіп, уланып қалғандар саны күннен-күнге артып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті билік соңғы 72 сағатта ішімдіктен  уланудың 80 оқиғасы тіркелгенін хабарлады. Оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 30-ге жеткен. Қала ауруханаларында 49 адам емделіп жатыр, оның 31-і сапасыз ішімдіктен уланып, жансақтау бөлімінде жатыр. 

Тексеріс барысында ішімдік өнімдері нақты қай жерде сатылғаны анықталған. Белгілі болғандай, Ыстанбұлдың Башакшехир ауданында кәдімгі ауыз су атын жамылған «Түркімен асханасы» жалған ішімдік бөтелкелерін 30 түрік лирамен (шамамен 455 теңге) сатқан. Улы ішімдікті заңсыз сату нәтижесінде дәмхананың жұмысы тоқтатылып, үй-жайлары мөрленген.

Бұған дейін Ыстанбұлда сертификаты жоқ ішімдік ішіп, бірнеше күн ішінде 19 адам қайтыс болған еді. Сондай-ақ оқиға салдарынан 65 адам улану белгілерімен ауруханаға жатқызылған.