• RUB:
    5.16
  • USD:
    529.65
  • EUR:
    544.64
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 18:22

Бұқар жырау ауданы 100 пайыз ауыз сумен қамтылады

28 рет
көрсетілді

Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын Қарағанды облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту – ауданның басты міндеттерінің бірі. Қазіргі таңда аудан халқының 99%-ы, яғни 63 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Алдағы мақсат – бұл көрсеткішті 100% - ға жеткізу.

Осы тұрғыда өткен жылы Ақжар, Астаховка, Доскей, Трудовое, Аюлы, Алабас ауылдарындағы және Қушоқы кентіндегі су жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Биылғы жылы 5 елді мекенде, атап айтқанда, Старая Тузда, Стан, Севан ауылдарында су тазарту модулінің 3 блогы орнатылып, Жаңаауыл мен Первое Мая ауылдарында су құбырлары жөнделеді. Бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен 227 млн теңге бөлінген.

Жоспар бойынша биыл барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.