АСТАНА. 1 мамыр. Испанияның Хихон қаласындағы асханалардың бірінде аспаздың көмекшісі болып жұмыс істеген азаматқа 48 жыл бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шықты. Себебі, ол әріптестерін улауға әрекет жасаған. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.
Тергеу амалдары барысында 57 жастағы азаматтың 2005-2012 жылдар аралығында әріптестерінің тамағына алкогольдік тәуелділіктен емдейтін дәріні қосып келгені анықталды. Мамандар бұл дәрі алкогольге тәуелді емес адамның ағзасына өте зиян дейді. Нақтырақ айтсақ, дәріні тұтынған жағдайда адамның жүрек қағысы өзгеріп, басы ауырып, лоқсып, өзін жайсыз сезінеді екен.
Бүгінде өз еркімен келіп, күдіктінің үстінен шағым түсіргендер саны 19 жетті. Полицейлердің айтуынша, күдікті дәріні тұрақты түрде бір ғана дәріханадан алып тұрған.
Әзірге қамауға алынған азамат өзінің кінәсін мойындаған жоқ. Десе де, дәріхана қызметкері оның 2013 жылдың басына дейін күнделікті келіп дәрі сатып алып тұрғанын растаған. Ал құқық қорғаушылар күдікті бостандыққа шығуы үшін жәбірленушілерге 43 580 евро және айыппұл ретінде мемлекетке 17 091 евро төлеуі тиіс деп отыр.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: lenta.ru.