Спорт 20 Қаңтар, 2025

Жасөспірім семсершілер әлем чемпионы атанды

99 рет
көрсетілді

Бахрейннің Манама қаласында шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел құрамасы сапында Ғабиден Мұстафин, Нұржан Әбжанов, Кирилл Проходов, Алексей Касаткин сайысты. Отандастарымыз 1/8 финалда Үндістан құрамасын (45:35) ұтты. Ширек финалда Сауд Арабиясын (45:36) тізе бүктірді. Жартылай финалда Қытайды (45:25) ойсырата жеңді. Алтын жүлдеге таласқан соңғы сайыста Франциямен кездесіп, жеңіске (44:43) жетті.