• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Мамыр, 2015

Австрия Дмитрий Фирташты АҚШ-қа экстрадицияламайды

254 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 мамыр. Украиналық олигарх Дмитрий Фирташ АҚШ-қа экстрадицияланбайды. Мұндай шешімді 30 сәуір күні он сағатқа созылған процестен соң Вена соты қабылдады, деп хабарлады lenta.ru. Сот процесіне қатысқан Украина Жоғарғы Радасының депутаты Вадим Рабинович өзінің фэйсбуктағы парақшасында судьяның кейбір сөздерін келтірген: «Мен жеке тұлғалардың мыңдаған құжаттарын қарадым, адам құқықтары жөніндегі мамандарды тыңдадым. Істің саяси астары бар, менің шешімім фактілерге негізделген». Естеріңізге сала кетейік, Дмитрий Фирташқа титан өндіруге рұқсат беретін лицензияға ие болу үшін үнді шенеуніктеріне пара берген деген күдік келтірілген. Алайда, Вена соты АҚШ тарапының кәсіпкерге қатысты дәлелдері жеткіліксіз деген қаулы шығарды. Ал прокурор сот шешіміне қарсы шағымданатынын алға тартты. Сот отырысы барысында қорғаушылар АҚШ-тың Д.Фирташты қылмыстық жауапкершілікке тарту амалдарының саяси астары бар екенін және бұл қажеттіліктің Құрама Штаттар мен Ресей арасындағы «геополитикалық ойыннан» туындағанын мәлімдеді. Айдар Өрісбаев. Дерек: lenta.ru. Сурет: ap.org.