Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі әскери мамандандырылған ауданаралық сотында мерзімді қызметтегі сарбаз Марат Барқұловты атып өлтірген офицерге үкім оқылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Дамир Досанов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы (1-бөлігі) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді», деді судья.
Сонымен қатар Дамир Досанов лейтенант шенінен айырылды.
Марқұмның анасы Әсия Барқұлова моральдық шығын ретінде 50 млн теңге талап еткен. Сот талапты ішінара қанағаттандырды. Жәбірленуші 20 млн теңге алады.