• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Мамыр, 2015

Ақтауда 5 жасар қыздың үстіне жарнама билборды құлап кетті

333 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 мамыр. Ақтауда үстіне дүкеннің жарнама билборды құлап кеткен 5 жасар қыз ауыр жарақат алды. Бұл туралы lada.kz хабарлады. Қазіргі таңда қыз бала облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімінде ем-дом қабылдауда. Дәрігерлер зардап шегушінің жабық бас-сүйек жарақатын алғанын анықтаған. Сондай-ақ, қыз баланың аяғы сынып, басқа да дене жарақаттары тіркелген. Оқиға 29 сәуірде қаланың 15-шағын ауданында болған. Қыздың анасы, 34 жастағы әйелдің айтуынша, келеңсіз жайт қас-қағым сәтте орын алған екен. «Қызым аудандағы үшінші үйде орналасқан дүкеннің жанында тұрған еді. Кенет жоғарыда ілініп тұрған билборд қызымның үстіне құлап кетті», – дейді анасы. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Еламан Қоңыр. Дерек: lada.kz. Сурет: aktau-man.all.biz