АСТАНА. 2 мамыр. Нигерияның солтүстігіндегі Кадун штатында орманнан 50 аңшының мүрдесі табылды. Бұл туралы BBC хабарлады.
Оқиға Кадун, Нигера, Замфара және Кебби штаттарының түйіскен жерінде болған. Дәстүрлі аңшылықты кәсіп еткен жергілікті 50 тұрғынды белгісіз біреулер атып кеткен.
Алдын ала белгілі болған деректерге сүйенген Нигерия полицейлері қайғылы жағдайдың шамамен сәрсенбі күні болғанын айтты. Алайда, өңірдегі байланыс жүйесінің нашарлығына байланысты жаппай адам өлтіру әрекеті тек жұма күні белгілі болып отыр.
Қазіргі таңда осы іске қатысты тергеу амалдары басталып кетті. Әзірге тәртіп сақшылары нақты түсінік беруден бас тартуда.
Еламан Қоңыр.
Дерек: BBC.
Сурет: newsterrorism.blogspot.com.