Әскер • 01 Ақпан, 2025

Әскери қызметшілер Түркиядағы оқу-жаттығуға қатысып жатыр

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арнайы мақсаттағы күштердің халықаралық жаттығуы күрделі рельефпен және қарының көптігімен ерекшеленетін Карс провинциясының маңында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери қызметшілер Түркиядағы  оқу-жаттығуға қатысып жатыр

«Қыс» оқу-жаттығуы екі жылда бір рет өткізіледі. Іс-шаралар жоспарлау және дайындық, бірлескен жаттығулар, сондай-ақ практикалық іс-шаралар секілді үш кезеңге бөлінген.

Оқу-жаттығу барысында «Ақбаба» полигонында қысқы кезеңде өмір сүру үшін командалық жоспарлау және шаралар қабылдау мәселелері пысықталуда. Бірлескен дайындық төтенше жағдайларда әкімшілік және логистикалық процестерді реттеуге мүмкіндік береді.

Іс-шараға Әзербайжан, Бангладеш, Босния және Герцеговина, Грузия, Египет, Италия, Моңғолия, Пәкістан, АҚШ және т. б. Елдердің әскери қызметшілер қатысады.

Корпус пен бригаданың басқару пунктерінде шешімдер қабылдауға Қазақстан Қарулы күштерінің Құрлық әскерлерінен жедел топ тартылды.

Бірлескен жұмыс басқару органдарының үйлесімділігін арттыруға, қарлы әрі суық кезеңде бөлімшелердің жауынгерлік қабілетін, қозғалыс қарқынын сақтау үшін алдын алу шараларын қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Шаңырақтың шуағы

Әйел әлемі • Бүгін, 11:05

Үздік мемлекеттік қызметші

Әйел әлемі • Бүгін, 11:01

Іскерлік пен ізгілік үйлесімі

Әйел әлемі • Бүгін, 10:55

Бурабайдың бағын ашатын жоспар

Аймақтар • Бүгін, 10:45