
Хамза тіпті Еуроодақ елдерінің Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне кіріп, алжирліктерге заңсыз виза алуға көмектесуге дейін барған. Сондай-ақ Израиль үкіметінің сайтын бұзып, Палестинаға маңызды әрі құпия материалдарды жеткізген. Америка соты бастапқыда оны 30 жыл бас бостандығынан айырмақ болады, кейін өлім жазасына кесті. Бірақ қоғам оны әділет жолындағы күрескер деп танып, 200 мыңнан астам адам қол қойған петиция жариялады. Соның арқасында оған кешірім беріліп, 15 жылға сотталған.