Оқиға 03 Ақпан, 2025

Астаналық әйел сауда орталығынан киім ұрлаған

51 рет
көрсетілді

Елордада 31 жастағы әйел сауда орталығынан үш киімді қолды еткен, деп жазады Egemen.kz.

Ол бұл әрекетін дүкенге бірнеше рет кіру арқылы жүзеге асырған. Әр кіргенде бір күртені «іліп» кетіп отырған. Дүкен қызметкерлері полицияға 4 күрте жоғалғанын айтып шағым түсірген. Істі тергеу барысында 31 жастағы әйел ұсталды. 

Ол дүкенге 100 мың теңге көлемінде шығын келтірген. 

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Ұрланған заттар тәркіленіп, тергеу амалдары аяқталған соң иесіне қайтарылған.