• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Ақпан, 2025

Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

60 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» компаниясы  ауа райының қолайсыздығына байланысты аталған облыстағы жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

2025 жылғы 3 ақпан сағат 16:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының (ескі Қордай асуының айналма жолы) 159-214 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы облысының шекарасынан Қордай ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектеледі. Жабылған учаскелерді 2025 жылғы 4 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.