АСТАНА. 2 мамыр. Қырғызстан азаматтары Тәжікстан президенті жанындағы есірткіге бақылау жасау жөніндегі агенттіктің қызметкерлерін шекарада 80 кг сынаппен қолға түсірді. Бұл туралы Тәжікстанның «Озоди» радиосы хабарлады.
Мәнбенің жеткізуінше, Қырғызстан билігі Тәжікстанның есірткіні бақылау жөніндегі агенттігінің қызметкерін қолға түсірген. Олар 30 сәуір күні қырғыздың Қара-Бек айылымен шектесетін Лаккон Исфара джамоаты тұсында 80 кг тартатын сынапты алып, шекараны кесіп өтпек болған.
Оның айтуына қарағанда, Қара-Бек айылының тұрғындары бұлардың арасында қолға түскен қырғыздарды босатуды талап еткен жиын өткізген. Сол сияқты Тәжікстан жағы да өз қызметкерлерін шығарып алу жөнінде келіссөз жүргізген.
Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің болжамы бойынша, Баткен ауданының Қара-Бек деген жерінде 2015 жылғы 30 сәуір күні қырғыз шекарашылары Тәжікстанның 7 азаматын қолға түсірген. Олардың үшеуі Тәжікстан Республикасы есірткіні бақылау агенттігінің қызметкерлері болып шықса, тағы үшеуі Қырғызстан азаматтары көрінеді.
Қазір мамырдың 2-сі күні болған жағдайды анықтап, істің одан ары өрбу сипатына келісу үшін Қырғызстан мен Тәжікстан шекара қызметтерінің өкілдері кездеспекші.
Құрыш Нұрымбет.
Дерек, сурет: Озоди.