• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Мамыр, 2015

АҚШ азаматтарының 61 пайызы Хиллари Клинтонға сенбейді

326 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 мамыр. АҚШ азаматтарының жартысынан көбі бұрынғы мемлекеттік хатшы, Демократиялық партия атынан ел президенттігіне өз кандидатурасын ұсыну үшін жұмыс жүргізіп жатқан Хиллари Клинтонға сенбейді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Associated Press агенттігінің тапсырысы бойынша GFK фирмасы жүргізген сауалнама нәтижесінде ел азаматтарының 61 пайызы Хиллари ханымды әділ басшы санамайтыны белгілі болды. Ал халықтың 37 пайызы елдің бұрынғы бірінші ханымын жұмысына адал деп санайды. Алдағы президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынуын респонденттердің 44 пайызы «елдің дамуына тың серпін беретін бастама» деп бағаласа, 53 пайызы қарсы пікір білдірген. Жалпы, Хиллари ханымның президент болу үшін жасап жатқан талпынысына америкалықтардың 46 пайызы оң қабақ танытуда. Ал 41 пайызы саясаткердің елді басқаруға қарым-қабілеті жетпейтінін айтқан. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: РИА «Новости».