• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Мамыр, 2015

Майк Тайсон өзімен «селфи» жасамақ болған жанкүйерін ұрып жіберді (видео)

279 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 мамыр. Кәсіпқой бокстан абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон өзімен суретке түспек болған жанкүйерін шынтақпен ұрып жіберді. Бұл туралы lenta.ru хабарлады. Оқиға америкалық Флойд Мэйвезер мен филиппиндік Мэнни Пакьяоның ертеңгі жекпе-жектері алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде болған. Тайсон бұл шараға арнайы келіп, көрермендер арасынан орын алады. Сол сәтте жанкүйерлердің бірі даңқты боксшының ту сыртынан келіп, оны құшақтап, селфи жасамақ болады. Алайда, Тайсон алаңсыз отырған жерінен өзін жұлқылаған жанды шынтағымен ұрып жіберіп, суретке түсуге мүмкіндік бермеді. Майк Тайсон бокс әлеміндегі ең атақты спортшылардың бірі. Абсолютті әлем чемпионы атанған оның аты Гиннес рекордтар кітабына жазылған. Тайсон 2005 жылы былғары қолғабын шегеге іліп, рингпен қоштасты. Содан бері ол мемуар жазып, 55-тен астам фильм, телесериал және әртүрлі шоу бағдарламаларға түсіп үлгерген. Сондай-ақ, осы аралықта промоутерлік қызмет те атқарды. Естеріңізге сала кетейік, «ғасыр жекпе-жегі» атанған Мэйвезер мен Пакьяо арасындағы айқас Астана уақыты бойынша 3 мамырда сағат 09:00-де басталады. Еламан Қоңыр. Дерек: lenta.ru. Сурет: depo.ua.