• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2015

Қостанайда өзін басынан атқан полицей қайтыс болды

206 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 ақпан. Кеше өзін-өзі өлтірмек болған Қостанай қалалық ішкі істер басқармасының қызметкері жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Бұл туралы «Костанайские новости» хабарлады. Бүгін сағат 10.10-да дәрігерлер ішкі істер қызметкерінің қайтыс болғанын анықтады. Басына тиген оқ ми қабатын зақымдағандықтан, оны құтқару мүмкін болмаған. Бұған дейін Қостанай қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерінің өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауына достасып жүрген қызымен ренжісіп қалғаны себеп болуы мүмкін екені айтылған еді. «Қазіргі таңда тергеушілер полиция қызметкерінің құрбысымен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Қостанай ішкі істер басқармасы ғимаратынан шығып кеткенін анықтады. Ол қоңырауға жауап бермеген, соған байланысты жол-патруль полициясы оны іздеуге шығады. Сағат 10.40-та полицей отырған автокөлік Майлин көшесінде көзге шалынып, патруль жасағы оны арнайы құрал мен қаруды қолданбай-ақ тоқтатты», - деп хабарлаған болатын облыстық ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы Жарасхан Ақбердиев. Полиция тәртіп сақшысының құрбысынан жауап алды, ол жігітімен арада қызғанышқа байланысты жанжал шыққанын растады. Оқиғаға қатысты «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Еске сала кетейік, 5 ақпан күні Қостанай қалалық ішкі істер басқармасының қызметкері өз машинасында табель қаруымен өзін-өзі басынан атқан еді. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, оны ауруханаға жеткізді. Полицей жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Құрыш Нұрымбет. Дерек, фото: «Костанайские новости».