Қысқы спорт 10 Ақпан, 2025

Спортшыларымыз керлингтен Қытайға есе жіберді

60 рет
көрсетілді

Керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында топтық кезеңнің үшінші матчында жеңіліс тапты. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық құрама Тайбэйді жеңгеннен кейін Қытаймен ойнады.

Нәтижесінде Қытай 11:4 есебімен жеңіске жетті.

Соңғы үш матчта Қазақстан құрамасы бір рет жеңіп, екі мәрте жеңіліс тапқан.