Вольфганг Моцарттың әкесі Леопольд – Аустриядағы белгілі композитор болған адам. Баласының ерекше дарынды екенін түсінген ол өзінен гөрі ұлына көбірек көңіл бөлді.

Бірде әкесі 4 жастағы Вольфидің жазған «музыкасын» байқап қалады. Сосын тырқылдап күледі. Бірақ бажайлап қараса, кәдімгі музыкалық композиция. Иә, оның үстіне аяқталған шығарма. Содан бастап Леопольд ұлын музыкаға мықтап баулиды. 5 жасында Вольфи тіпті клавир аспабына арналған екі бірдей музыкалық пьеса жазады. Осылайша, ол сөз жазудан бұрын әуен жазуды үйреніп, кейін 600-ден астам ұлы туындыны дүниеге әкелді.