Харбиндегі қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіруден командалық із кесуде ерлер құрамасы жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады, деп жазады Egemen.kz.

Команда сапында Нұралы Ақжол, Виталий Щиголев, Вадим Якубовский сынға түсті.
Ал әйелдер арасындағы бәсеке басталған тұста спортшымыздың бірі Надежда Морозова сүрініп құлап, жарысты аяқтай алмады. Құрама қатарынан Кристина Шумекова мен Мария Деген мұз айдынына шықты.
Бүгін қысқы Азиада бағдарламасында мәнерлеп сырғанаудан жарыс басталды. Мұздағы бидің қысқа бағдарламасында Гауһар Наурызова мен Бойсангур Датиев 55.02 ұпай алды. Олар әзірге 4-орында. Отандастарымыз ертең еркін бағдарлама аясында сынға түседі.