• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2015

«Қашаған» мұнайы екі жылдан соң өндіріледі

283 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 6 ақпан. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнындағы технологиялық кемшіліктерді жою 2016 жылдың аяғында аяқталады. Содан кейін ғана мұнай өндіру басталады. Бұл туралы Энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді. Министрдің пікірінше, жобаның рентабельділігі тек 2 жылдан кейін ғана белгілі бола бастамақ. «Бүгінгі таңда «Қашағанда» 2013 жылы орын алған технологиялық кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде. Бекітілген құжаттарға сәйкес, бұл жұмыстар 2016 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Содан кейін ғана «Қашаған» кен орнында мұнай өндіру жұмыстары басталады. Кен орнының рентабельділігі туралы 2 жыл, одан да ұзақ уақыттан соң ғана айтып, баға беруге болады», – деді В.Школьник. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: azh.kz.