• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2015

Қостанай облысында мемлекет шығыны қалпына келтірілді

236 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 7 ақпан. Қостанай облыстық прокуратурасы өткен жылы 2,5 мллиард теңге мемлекет шығынын қалпына келтірді. Оның көлемі алдыңғы жылы 1 миллиард теңге болатын. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс прокуроры Марат Қайыбжанов жыл бойы орын алған қылмыстың басым көпшілігі ұрлыққа тиесілі екенін айтты. Облыста профилактикалық жұмыстардың арқасында өткен жылы өзгенің мүлкіне қол салу 9,1 пайызға азайған. Алайда, бұл көңіл жұбатпайды, сондықтан прокуратура 2015 жылы осы бағыттағы жұмысты күшейтетін болады. Сонымен қатар, өткен жылғы тексеріс кәсіпкерлердің салықтан жалтару мен заңсыз әрекеттерін әшкереледі. Прокуратура талабымен өңірде жалған адамның атына тіркелген 26 кәсіпорынды тоқтатты, осы бойынша 3 қылмысты іс қаралды. Прокуратура кәсіпкерлердің құқын қорғау ісі туралы да бұрмалаушылықтардың бетін ашты. Өткен жылы прокуратураның қарсылығымен «Қазпошта» акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының «кәсіпкерлерге ақылы қызмет көрсетуді жүктеген» заңсыз үкімінің күші жойылды. Облыстық прокуратураның жыл қорытындысына облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов қатысты. Ол қоғамдағы барлық заң бұрмалаушылықтарға, сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа қарсы біліктілікпен қарсы тұру керек екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, бюджеттің қысқаратынын, барынша үнем ғана қиындықтан алып шығатынын айтты. Қылмыстың, оның ішінде ұрлықтың өсуіне аймақ басшысы да тоқталды. Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов: «Ұрлықтың ірі-уағы болмайды. Ол тұрғындарды мазаламауы тиіс. Халықтың сенімі де осындай майда, уақ нәрседен басталады», деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz.