АЛМАТЫ. 3 мамыр. Германия емханаларының бірінде аты әлемге танымал балет бишісі Майя Плисецкая 90 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Мәскеудегі Үлкен театрдың директоры Родион Шедриннің айтуына қарағанда, неміс дәрігерлері атақты бишінің өмірі үшін бірнеше сағат бойы күрескен, алайда, дертке дауа табыламаған.
Атақты биші Майя Плисецкая үлкен сахнадан 65 жасында кеткенімен, балеттен қол үзбеген. Педагогтік қызметпен айналысты. Кеңес Одағының халық әртісі Францияның «Құрметті легион» орденімен және Жапония императорының сыйлығымен марапатталған.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: ТАСС.