• RUB:
    6.03
  • USD:
    518.31
  • EUR:
    567.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Ақпан, 2025

Шымкентте есірткі зертханасы жойылды

168 рет
көрсетілді

ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

«2025 жылдың 6 ақпанында тінту барысында 7 килограммнан аса «альфа-PVP» есірткі құралы, 500 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген», делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.