• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Мамыр, 2015

Грузиндер орыс байкерлерін «Георгий лентасын» шешуге мәжбүрледі

365 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 3 мамыр. Тбилиси полициясы елдегі «Еркін аумақ» атты мемлекеттік емес ұйымның қозғалыс белсенділерін қамауға алды. Еріктілер республика аумағына келіп кірген ресейлік байкерлерге мотоциклге байлаған георгиевтік лентаны өз қолдарымен шешуге мәжбүрлеген. Одан соң лентаны аяқтың астына салып, таптаған. Бұл туралы «Грузия онлайн» хабарлады. Қалалық полиция қозғалыс белсенділерімен 20 минуттық түсіндіру әңгімесін өткізген соң, босатқан. Орыс байкерлеріне күш көрсеткендер ішінде грузиялық жас жігіт Ираклий Кантарияның есімі дүркіреп тұр. Себебі ол – Рейхстагқа Ту тіккен кеңестік жауынгерлердің бірі – атақты Мелитон Кантарияның немересі. Бірқатар басылымдар Ресейге қарсы бұл науқанның әрекетін «Ұлттық бірлесу партиясының» іс-қимылдарымен байланыстып отыр. Ол партияның жетекшісі Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили болып табылады. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: «Грузия онлайн».