• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Ақпан, 2025

Ұлына Абай есімін қойған қазақстандықтар 180 мың теңге алады

127 рет
көрсетілді

Биыл қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы тойланады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыған орай, ASSYLTAS қоғамдық қоры биылғы жылды Абай жылы деп жариялап, ұлы философтың мұрасын сақтау мақсатында ерекше бастама көтерді.«2025 жылғы 10 тамызда дүниеге келген Абай есімді балаларға 180 000 теңге көлемінде сыйақы тағайындалады», деп хабарлады кәсіпкер Дулат Тастекей instagram парақшасында.

Жобаның мақсаты – Абай мұрасын сақтап, оның есімі мен философиясын жаңа ұрпақ арасында кеңінен насихаттау.