Президент 17 Ақпан, 2025

Президент Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады

94 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері Король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.