• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2015

Ресей футбол одағы Капелло қарызын төледі

337 рет
көрсетілді

АСТАНА. 7 ақпан. Ресей футбол одағы құрама команданың бас жаттықтырушысы Фабио Капелло жалақысының қарызын төледі. Бұл туралы «Аргументы и факты» хабарлады. «Ресей футбол одағы жұма күні Ресей ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Фабио Капеллоның жалақысын төлеуге арналған ақша қаражатын аудару жөніндегі қажетті операцияны жүзеге асырды», - делінген ұйымның баспасөз қызметінің ақпараттық хабарламасында. Бейсенбі күні бизнесмен Алишер Усманов өзінің Ресей футбол одағына итальян маманы алдындағы қарызын өтеуі үшін 400 млн. рубль сомасында жеңілдетілген кредит бөлгенін мәлімдеді. Еске сала кетейік, Ресей спорт министрі Виталий Мутко бизнесмен Алишер Усмановтың Ресей футбол одағына ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысына төлеу үшін 400 млн. рубль көлемінде жеңілдетілген мақсатты кредит беретінін расқа шығарған болатын. РФО-ның футболдан ұлттық құрама бас жаттықтырушысы Фабио Капелло мен оның жаттықтырушылар штабы алдында жиналып қалған қарызы шамамен 600 млн. рубльді құрайды. Бұл сомаға итальян маманының өзі мен құраманың бас менеджері Орест Чинквиниді ынталандыру шарасы да кіреді. Олардың жалақы алмағандарына жарты жылдан асқан. Дамир Қожамқұл. Дерек, фото: Аргументы и факты.