АСТАНА. 7 ақпан. Ауыр атлет Илья Ильиннің жеке жаттықтырушысы Қазақстанның ерлер арасындағы құрамасын басқаратын болды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Бүгін, 6 ақпан күні Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабында кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Олиипиялық ойындардың екі дүркін чемпионы Илья Ильиннің жеке жаттықтырушысы Ержас Бөлтаев ауыр атлетикадан Қазақстанның ерлер арасындағы құрамасы тізгінін ұстады.
Қазақстан Ауыр атлетикасы федерациясының жыл сайынғы дәстүрлі конференциясы бірқатар кадрлық өзгерістер жасауға алып барды. Бұл ауыс-түйістер жөнінде Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Алексей Ни айтып берді. Осылайша Ержас Бөлтаев ерлер арасындағы командаға басшы болған. Ол мұнда Вилорий Пакты алмастырды. Ал Пак әйелдер құрамасына басшы болып барды. Бұған дейін қыздар ауыр атлетикасын басқарып келген Иван Сивохин енді ғылыми-кешенді жұмыспен айналысады.
Федерация сондай-ақ 2015 жылы Қарағанды, Өскемен және Павлодар қалаларындағы мектеп-интернаттар жанынан ауыр атлетика бөлімін ашуды жоспарлап отыр.
Дамир Қожамқұл.
Дерек, фото: vesti.kz.