• RUB:
    5.89
  • USD:
    505.15
  • EUR:
    550.31
Басты сайтқа өту
Жұмысшы мамандықтар жылы 20 Ақпан, 2025

Ардагерлер жұмысшы мамандығын насихаттады

79 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Ардагерлер кеңесінің Сәтбаев филиалы жастармен кездесу өткізді.

Оған «Қазақмыс» корпорациясы Ардагерлер кеңесінің мүшесі И. Байбатыров,  еңбек ардагерлері С. Жанқұтов пен Б. Шәйкенов қатысты.

Ардагерлер жастармен кездесу барысында өңірде адал еңбегімен ел құрметіне бөленіп, зор жетістікке жеткен еңбек адамдарын тілге тиек етіп, солардың өмір жолынан үлгі алуға шақырды.

Еңбек ардагері Б.Шәйкенов болашақ дәнекерлеуші студенттерді осы саланың қыры-сырымен таныстырды. Техникалық қауіпсіздік cақтау ережелерін  түсіндірді. Жастар еңбек ардагерлерінің ақыл-кеңесін қызыға тыңдап, алғыс айтты.

Кездесудің мақсаты жұмысшы мамандықтарына жастардың қызығушылығын арттыру болды.

 Ұлытау облысы