• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2015

Павлодардағы 75 білім ордасы уақытша интернетсіз қалды

237 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 7 ақпан. Білім және ғылым министрлігінен түскен бұйрық негізінде, Е-learning оқыту бағдарламасына қаржыландыру тоқтатылғандықтан Павлодар облысындағы жалпы және кәсіптік білім білім беретін мектептер мен колледждерді қосқанда 75 мекеме интернеттен уақытша қол үзді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бағдарламаны қаржыландыру енді жергілікті билікке жүктелетін көрінеді. Бірақ, білім басқармасының хабарлауынша, Е-learning бағдарламасы қай мезгілде іске қосылып, қаржының қашан бөлінетіні әзірге белгісіз. Жалпы, бұл электрондық оқыту бағдарламасы елімізде 2010 жылдан бері іске асырылуда. Электрондық оқыту жүйесі 4-10 Мбит/с жылдамдықты құрайтын кеңжолақты интернет желісі арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, облыс орталығындағы кейбір мектеп-колледждер қазір уақытша «Мегалайн» жүйесін қолдануда. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: alebedev.ru.