• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2015

Павлодарда электрондық қызмет көрсету сервисі іске қосылды

238 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 7 ақпан. Павлодар қалалық сотында еліміздің сот жүйесіне енгізілген «Сот кабинеті» аты электрондық қызмет көрсету сервисі іске қосылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Енді сотқа жүгінушілер сот органдарының онлайн-сервистерін пайдаланып, «Сот кабинетіне» талап-арыздарын түсіріп, тіркеле алады. Осы арқылы азаматтар үйден, кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы өтініш пен арыздарын электрондық түрде сотұа жіберуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ мемлекеттік бажды онлайн режімінде төлеп, сот құжатын, істің бүкіл тарихын қарап, сот актісін басып шығара алады. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: pvl.sud.kz.
Соңғы жаңалықтар