• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2015

Павлодардағы Ертіс аудан орталығы Ассамблея жылын тойлауды бастады

440 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 7 ақпан. Павлодар облысындағы Ертіс аудан орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылдығына орай мерекелік жиын болып өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әртүрлі ұлт өкілдері толы жиналған жұртшылыққа аудан әкімінің орынбасары Ержан Рахымжанов Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді. Аудандағы славян, беларусь этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері Ирина Качанова, Светлана Шкиндер құттықтау сөздерін арнаса, «Әжелер» тобының жетекшісі Бақытжамал Байтоғай да ақ тілектерін жолдады. Осындай тілектерден соң Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу құрметіне Ассамблея Туы көкке көтерілді. Мерекелік жиын соңы мәдениет үйінде өткен түрлі ұлт өкілдерінің әндері мен билеріне ұласқан концерттік бағдарламамен жалғасты. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: egemen.kz.