• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
03 Мамыр, 2015

Канада Непалға қосымша 4,1 миллион доллар бөлді

294 рет
көрсетілді

АСТАНА. 3 мамыр. Канада үкіметі Непалдағы зілзаладан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек беру мақсатында қосымша 4,1 млн. доллар бөлгенін мәлімдеді. Бұл туралы TACC хабарлады. Канаданың Азаматтық және иммиграция министрі Крис Александэр: «Үкімет Непалға көмек беруге дайын. Біз бұған дейін де қаржылай қол ұшын созып, зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқарушылар жіберген болатынбыз»,–деді. Айта кетейік, аталған мемлекет мұның алдында Непалға 5 млн. доллар беріп, 200 құтқарушысын жіберген болатын. Қазіргі таңда канадалық дәрігерлер күн сайын апаттан жарақат алған 200 науқасқа көмек көрсетіп отыр. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, Непалда болған жойқын зілзаладан 7 мың адам қаза тауып, 14 тұрғын түрлі жарақат алған. Талғат Райымбек. Дерек: TACC. Сурет: azattyq.org.