Үкімет 22 Ақпан, 2025

Өндірістегі қауіпсіздік талаптары күшейтіледі

128 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бек­тенов Мемлекет басшысының қауіп­ті өндіріске тартылған аза­мат­тардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, өнеркәсіп және құры­­лыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа тә­сіл­дер және еңбек қауіпсіздігі саласын­дағы атқарылып жатқан жұмыстар тура­лы баяндады. Кеңеске еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері қатысты.

Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясында нысандарды цифрландыруды ескере отырып, нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралады, өнеркәсіп қауіпсіздігін, ғылымды дамытуды және тиісті орталықтар құруды қамтамасыз ететін нысандарға қойылатын, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторының кадр­лық әлеуеті мен құқықтық мәрте­бесін арттыру жөніндегі талаптар күшейтілді.

Қазіргі уақытта өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша жекелеген талаптар қайта қаралып жатыр. Осылайша, азаматтық қорғау туралы заң жобасы шеңберінде апат­тық-құтқару қызметтеріне қойы­латын талаптар қатаңдатылады, өндіріс­тік бақылау стандарттары күшейтілуде, қауіпті өндірістік нысандар иелеріне жабдықтарды жаңарту және жаңғырту бойынша жаңа міндеттер көзделген.

Сонымен қатар өнеркәсіптік қауіп­сіздік нысандары паспорттарын жасауға, апаттарды есепке алуды және басқа да үдерістерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Е-ӨҚК» ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарланып отыр.

Премьер-министр өнеркәсіп қауіпсіз­дігі саласындағы бақылау тетігіне ерекше назар аударды. Төтенше жағдайлар министрлігі ӨҚМ және ЕХӘҚМ-мен бірлесіп, тексеру қорытындысы бо­йынша өнеркәсіптік нысандар меншік иелері мен басшыларының қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жауапкершілігін күшейту жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Төтенше жағдайлар, Экология және та­биғи ресурстар министрліктерімен бір­ле­сіп, өнеркәсіп қауіпсіздігі шараларын уа­қ­т­ылы қаржыландыру үшін жер қой­на­уын пай­даланушылардың тау-кен жұмыс­­тарын талдау жүргізіп, бақылауға алуы қажет.

Өнеркәсіп және құрылыс, Төтенше жағ­­дай­лар министрліктері газдар шы­ға­рын­­дыларымен байланысты тәуекел­дерді азайту үшін шахталарды алдын ала газсыз­дан­дыру нормативтерін әзірлеуі қажет.

ЦДИАӨМ отандық IT-мамандар­мен бірлесіп, өнеркәсіп қауіпсіздігін қамта­масыз ету бойынша жаңа шешімдер әзірлеу тапсырылды.