• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
03 Мамыр, 2015

Пәкстанда автобус өртеніп, 11 адам қайтыс болды

241 рет
көрсетілді

АСТАНА. 3 мамыр. Пәкстанның Синд провинциясында автобус өртеніп, салдарынан 11 адам қайтыс болып, 34 жолаушы түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы TACC хабарлады. Автобус электркабелінің жоғарғы кернеуінен өртеніп кеткен. Қаза тапқан және жарақат алған жолаушылар жас жұбайлардың үйлену тойына бара жатқан қонақтар екені анықталды. Қазіргі таңда зардап шегушілер жақын маңдағы медициналық орталыққа жеткізілді. Дәрігерлер 32 адамның жағдайы ауыр дегенді айтып отыр. Айта кетейік, қайғылы оқиғаға байланысты Пәкстан президенті Мамнун Хусейн мен премьер-министр Наваз Шариф қайтыс болғандардың туыстарына көңіл хошын білдірді. Талғат Райымбек. Дерек: TACC. Сурет: egemen.kz.