Әлем 24 Ақпан, 2025

Кентуккидегі су тасқынынан 21 адам қаза тапты

86 рет
көрсетілді

Американың Кентукки штатындағы су тасқыны салдарынан 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz NBC-ге  сілтеме жасап.

Губернатор Энди Беширдің мәліметінше, 660-қа жуық тұрғын әлі күнге дейін электр қуатынсыз отыр. Сонымен қатар штат бойынша 100-ден астам жол жабық, сондай-ақ 600-ге жуық адам қонақүйлерді, мектептер мен шіркеулерді паналаған.

«Кентукки соңғы жылдардағы ең қауіпті табиғи апаттардың бірін бастан өткерді, оның зардаптары бүкіл штатта сезілді», деді Энди Бешир.

Айта кетейік, штат апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін федералды мақұлдауды күтіп отыр.