Спорт 24 Ақпан, 2025

Велоспортшылар Азия жарысында үшінші орын алды

82 рет
көрсетілді

Малайзияның Нилай қаласында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия жарысында отандастарымыз 3:59.215 уақытта мәреге жетіп, ел рекордын жаңартты. Аталған көрсеткішпен қола жүлде жеңіп алған Қазақстанның велотрек құрамасының сапында Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Алишер Жұмахан, Дмитрий Носков бар.

Алтын медальді Оңтүстік Корея, ал күміс жүлдені Жапония иеленді.