АСТАНА. 4 мамыр. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бірқатар қызметтерге комиссиялық төлемдерді алып тастады. Бұл туралы аталған банктің ресми сайтына сілтеме жасап, «ҚазАқпарат» хабарлады.
Банктің ресми сайтында жарияланған хабарламада: «2015 жылғы 4 мамырдан бастап жинақ, ссудалық есепшоттардың жай-күйі, ссудалық берешектің болуы/болмауы туралы анықтамалар беруге және басқа да анықтамаларға комиссиялық алымдар салынбайды», – делінген.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлердің дамыту бағдарламасы-2020» аясында халықты жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасының операторы екенін айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек: «ҚазАқпарат».
Сурет: uralsk.gov.kz.